1122

Қостанайда айырбастау пунктінің маңына тасталған чемодан жұртты алаңдатты

Күмәнді зат туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына барлық жедел қызметтер дереу жетті.

Қостанайда айырбастау пунктінің маңына тасталған чемодан жұртты алаңдатты
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда айырбастау пунктінің кіреберісіне қалдырылған иесіз чемодан полиция мен төтенше жағдай қызметтерінің шұғыл келуіне себеп болды.

Оқиға Алтынсарин көшесі, 119 мекенжайындағы валюта айырбастау пунктінің жанында болған. Иесіз қалған күмәнді чемодан туралы хабар құқық қорғау органдарына түскеннен кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері дереу жеткен.

Қостанай қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында чемодан ашылған.

«Тексеру кезінде чемоданның іші ашылып қаралды. Оның ішінде ешқандай қауіпті зат табылған жоқ. Чемодан бос болып шықты», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазір чемоданның иесі анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Материал авторы