657

Бүгін елдің көптеген өңірінде нөсер, бұршақ пен дауыл күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Бүгін елдің көптеген өңірінде нөсер, бұршақ пен дауыл күтіледі
pexels / Anton Kudryashov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 3 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялап, елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, тұман және желдің күшеюі күтіледі. Сонымен қатар бірқатар аймақта жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қатты жауын-шашын мен дауыл күтілетін өңірлер:

Қарағанды облысы;

Ұлытау облысы;

Алматы облысы;

Солтүстік Қазақстан облысы;

Ақтөбе облысы;

Абай облысы;

Шығыс Қазақстан облысы;

Павлодар облысы;

Қостанай облысы;

Ақмола облысы;

Жетісу облысы.

Бұл өңірлерде кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпіні 23–28 м/с-қа дейін жететін жел болжанып отыр.

Жаңбыр мен найзағай болатын өңірлер:

Маңғыстау облысы;

Атырау облысы;

Батыс Қазақстан облысы;

Жамбыл облысы;

Түркістан облысы;

Қызылорда облысы;

Астана қаласы.

Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа, ал Абай облысында35 градусқа дейін көтеріледі.

Өрт қаупі сақталатын өңірлер:

Қарағанды;

Ұлытау;

Алматы;

Абай;

Шығыс Қазақстан;

Атырау;

Жамбыл;

Түркістан;

Павлодар;

Қызылорда;

Қостанай;

Ақмола;

Жетісу облыстары.

Кейбір аудандарда төтенше өрт қаупі жарияланған.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт нашарлауына байланысты алыс жолға шығарда сақ болуға, дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң орындауға кеңес береді. 

Материал авторы