Арзандатылған жанармай бөлу қызметі пилоттық режимде іске қосылды

12.05.2023, 09:32
658
Арзандатылған жанармай бөлу қызметі пилоттық режимде іске қосылды smartnews.kz

Gosagro.kz жүйесінде арзандатылған отынды бөлу функционалы пайда болды. Ол Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің (СБМАЖ) басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларымен интеграциялануының арқасында жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні пилоттық режимде Қостанай және Жамбыл облыстарының фермерлері ЖЖМ-ге өтінімдер беріп жатыр. Қызметті одан әрі пайдалану кезінде қателіктерді болдырмау үшін режим әзірше сынақтан өткізіліп жатыр.

СБМАЖ-дағы автоматтандырылған процесс «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ деректері негізінде алқаптар картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өңделетін жерлердің ауданы ғарыштық суреттер арқылы автоматты түрде белгіленеді және фермер үшін agropak.kz порталында көрсетіледі. Мемлекеттік субсидиялау жүйесімен интеграция, сондай-ақ қарсы міндеттемелерді енгізу үшін де жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін алқаптардың картасын цифрландыру бойынша талаптар жойылды. Осы уақытқа дейін фермерлер осы егістіктерді құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес міндетті түрде түзетуі керек.

Сондай-ақ, Gosagro.kz жүйесінде субсидияларға берілген электрондық шот-фактураларды «бұғаттау» функционалы іске қосылды. Бұрын жеке жүйеде мұндай механизм болмаған, бұл ЭШФ-ны қайтарып алуға және әртүрлі манипуляцияларға мүмкіндік туғызды. Бір субъект ЭШФ-ны кері қайтарып алу арқылы жеке жүйеде бірнеше рет субсидияланған фактілер бар. СБМАЖ-да мұндай мүмкіндік толығымен алынып тасталады, яғни фермерлерді мемлекеттік қолдауға бағытталған бюджет қаражаты тиімді және мақсатына сай пайдаланылады.

Мәселен, өтінімдерді қабылдау ашылған сәттен бастап жүйеде субсидиялау қағидаларына сәйкес бүкіл ел бойынша фермерлер 28 447 өтінім берді, 20 767 пайдаланушы тіркелді. «Күту парағына» сәйкес, 57,7 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданды (төленді).

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 355 қаржы институты (АКК, КАФ, ЕДБ, кредиттік серіктестіктер) тіркелді. Олар Ауыл шаруашылығы басқармаларына 2 891 өтінім беріп, 16,3 млрд теңге субсидия төленді, тағы 22,4 млрд теңгеге өтінім мақұлданып, төлемді күтіп отыр.

Осылайша, gosagro.kz жаңа жүйесі арқылы 96,5 млрд теңге сомасына өтінімдер өңделіп, мақұлданды және ішінара төленді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды