Қытайда су тасқынынан 500 мыңнан астам адам зардап шекті

12.05.2023, 10:33
551
Қытайда су тасқынынан 500 мыңнан астам адам зардап шекті Синьхуа

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында нөсер жауыннан 500 мыңнан астам адам зардап шекті. Тікелей экономикалық шығын 670 миллион юаньға (97 миллион доллар) бағаланады. Бұл туралы Қытай орталық телеарнасы хабарлады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Өткен аптадан бері Қытайдың орталық және шығыс аймақтарында жауған толассыз жаңбыр үлкен су тасқынына ұласты, салдарынан бір Цзянси провинциясының өзінде 536 мың адам зардап шегіп, 16 мың тұрғын эвакуацияланды.

Хабарламаға сәйкес, Цзянси провинциясында (Шығыс Қытай) су тасқыны салдарынан жүзден астам үй зардап шекті, 2,3 мың гектар аумақтағы егіс алқабы жойылды. Тікелей экономикалық шығын 670 миллион юаньға (97 миллион доллар) бағаланды.

Толассыз жауған жаңбырдан елдегі 21 өзенде су деңгейі қауіпсіз деңгейден асып кеткен.

Болжам бойынша, мамырдың 11-і мен 13-і аралығында Қытайдың оңтүстік аймақтарында, оның ішінде Гуандун, Хайнань және Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында бір мезгілде нөсер жауын жауады.

Қытай Халық Республикасының Су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік штабы бейсенбі күні кешке су тасқынына қарсы төтенше жағдай режимінің енгізілгенін хабарлады.

Жергілікті билік су басуы мүмкін аймақтарда орналасқан тұрғындарды эвакуациялау үшін алдын алу шараларын жүргізуде.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді