Малайзияда білім алып, 100% грант ұтып алуға болады: Алматыда ашық брифинг өтеді
4 шілде күні Алматыда шетелде білім алуды жоспарлаған талапкерлер мен олардың ата-аналарына арналған ашық брифинг өтеді.
Pre-Departure QIU Briefing шарасында Малайзиядағы Quest International University университетіне түсу мүмкіндіктері таныстырылады.
Іс-шара Sadu Hotel қонақүйінде сағат 14:00-17:00 аралығында өтеді. Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет.
Брифингтің басты спикері – Quest International University университетінің негізін қалаушы Николас Го. Қатысушылар университетке қабылдау тәртібі, гранттар, Foundation бағдарламасы, бакалавриат пен магистратура, студенттік өмір, жатақхана және Малайзияға бейімделу туралы толық ақпарат алады.
Шара барысында Foundation бағдарламасына 100% грант алу мүмкіндігіне ерекше назар аударылады. Бұл IELTS емтиханын тапсырып үлгермеген, шетелде оқуға кеш шешім қабылдаған немесе университетке түсудің балама жолдарын іздеп жүрген талапкерлер үшін тиімді мүмкіндік болмақ.
Сонымен қатар Quest Representative арқылы оқуға түсетін студенттерге бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу ақысына кепілдендірілген 50% жеңілдік ұсынылады. Жоғары академиялық көрсеткіштері бар талапкерлер университет қарастыратын қосымша гранттарға да үміткер бола алады.

Quest Representative компаниясы Quest International University университетімен 2026 жылдың ақпан айынан бері ынтымақтастық орнатып келеді. Ал 27 наурызда серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда компания университеттің Қазақстандағы эксклюзивті өкілі саналады. Осы уақытқа дейін Орталық Азия мен Ресейден 100-ден астам студент арнайы шарттармен аталған университетке оқуға қабылданған.
Брифингке мектеп оқушылары, түлектер, колледж студенттері, жоғары оқу орындарының түлектері, ата-аналар және шетелде білім алуға қызығушылық танытқан барлық азаматтар шақырылады.
Қатысушылар университет өкілдеріне өз сұрақтарын қойып, оқуға түсу бойынша жеке кеңес ала алады. Ресми бөлім аяқталған соң қонақтарға арналған фуршет пен еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылады.