Байқоңырда бесінші қабаттан құлаған үш жасар бала көз жұмды
Бала ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізіліп, жансақтау шаралары жүргізілген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Байқоңыр қаласында бесінші қабаттан құлаған үш жасар бала алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүлдіршін Ресейдің Федералдық медициналық-биологиялық агенттігіне қарасты Байқоңыр қаласындағы №1 Орталық медициналық-санитарлық бөлімнің №1 ауруханасына аса ауыр жағдайда жеткізілген.
Балаға көмек көрсету үшін санитариялық авиация желісі арқылы Қызылордадан реаниматолог дәрігер жіберіліп, жергілікті мамандарға кеңес берген.
Дегенмен, баланың алған жарақаттары өмірмен сыйыспайтындықтан, оны басқа медициналық мекемеге тасымалдау мүмкін болмаған.
Дәрігерлердің бірлескен барлық күш-жігеріне қарамастан, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы марқұм болған баланың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Материал авторы