Қазақстанның бір бөлігінде 39 градус ыстық, енді бірінде бұршақ пен дауыл күтіледі
Көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер елдің батысында аптап ыстық күтілетінін, ал басқа аймақтарда нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен тұман болатынын болжады. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Алматыда түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел соғуы ықтимал.
Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы 38–39 градусқа дейін көтеріледі.
Атырау облысында батыс аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанса, ауа температурасы 35–37 градусқа дейін ысиды.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында аптап ыстық 35 градусқа дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының батысында да 35 градусқа дейін ыстық болып, найзағай мен екпінді жел күтіледі.
Ақмола, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.
Алматы, Жетісу, Түркістан, Ұлытау және Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел және тұман болуы мүмкін.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болжанса, таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Сонымен қатар Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Ақмола және Қызылорда облыстарының бірқатар аумағында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Материал авторы