1607

Қазақстанның Бас республикалық мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді

ҚМДБ мешіттің елдегі мұсылман қауымы үшін рухани орталық мәртебесін сақтайтынын мәлімдеді.

Қазақстанның Бас республикалық мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді
Sputnik / Абзал Калиев

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) еліміздің Бас республикалық мешітіне ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін мәлімдеді.

ҚМДБ таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа атау ресми қолданысқа енгізілді.

Діни басқарма өкілдері Бас республикалық мешіттің тек елорда тұрғындары үшін ғана емес, Қазақстандағы бүкіл мұсылман қауымы үшін маңызды рухани орталық болып қала беретінін атап өтті.

Сондай-ақ мешіт алдағы уақытта да халықтың бірлігін нығайтуға, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды қолдауға бағытталған қызметін жалғастыратыны айтылды.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

Материал авторы