1699

Трамп: Еуропа «үшінші әлем еліне» айналып барады

Қылмыскерлерді қабылдаған елдің өзі де қылмыскерге айналады дейді Трамп.

Трамп: Еуропа «үшінші әлем еліне» айналып барады
Nathan Howard / Reuters

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропаның қазіргі көші-қон саясатын қатаң сынға алып, оның салдарынан құрлықтың «үшінші әлем еліне» айналып бара жатқанын мәлімдеді. 

Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында үшінші әлем елдерінен келген қылмыскерлерді қабылдау мемлекеттердің өзіне де кері әсер ететінін айтты.

«Еуропа үшінші әлем елдерінен қылмыскерлерді қабылдасаң, өзің де үшінші әлем еліне айналатыныңды түсіне бастады. Бұл өте тез, бір сәтте болады. Мен дәл уақытында сайландым!» – деп жазды АҚШ президенті.

Дональд Трамп екінші президенттік мерзімі басталғаннан бері заңсыз көші-қонға қарсы ауқымды саясат жүргізіп келеді.

2025 жылдың қыркүйегінде АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі Трамп қызметіне кіріскеннен бері елден 2 миллионнан астам заңсыз мигрант кеткенін хабарлаған. Ведомствоның мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде Орталық Америка елдерінен АҚШ-қа келетін заңсыз мигранттар легі 97 пайызға қысқарған.

Сонымен қатар Трамп АҚШ аумағында дүниеге келген балаларға автоматты түрде азаматтық беру құқығын жоюға талпыныс жасаған. Алайда АҚШ Жоғарғы соты бұл бастаманы Конституцияға қайшы деп танып, оны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Материал авторы