Ердоған: Израиль үкіметі соғысқа тоймайтын болды
Ердоған Газа секторындағы соғыс қимылдарының қайта күшеюіне жол бермеуге шақырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израиль үкіметінің соғысқа тәуелді болып қалғанын мәлімдеп, оның әрекеттерін қатаң сынға алды.
Ердоған бұл пікірін Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты.
Түркия басшысының сөзінше, Израильдің оккупациялық күштері Газа секторы тұрғындарына қарсы заңсыз әрі адамгершілікке жат шабуылдарын жалғастырып келеді.
«Соғысқа тәуелді болып қалған Израиль үкіметінің өңірімізді қайтадан оқ-дәрі мен қан иісіне тұншықтыруына жол бермеу керек. Түркия дініне қарамастан өңірдегі барлық тұрғын бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүретін ахуалды қалайды», – деді Ердоған.
Мақалада Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың Палестинаға қатысты Израильдің іс-қимылдарына байланысты күрделенгені атап өтіледі.
Сондай-ақ жуырда Ердоған Израильдің армян геноцидін мойындағанынан кейін Газа секторындағы жағдайды геноцидпен салыстырған болатын.
Материал авторы