Қазақстанның бір бөлігінде аптап ыстық, енді бір өңірде нөсер мен бұршақ болады
Бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңіріне дауылды ескерту жариялады. 6 шілдеде Қазақстанның әр аймағында ауа райы күрт құбылып, кей өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауса, батыс облыстарда аптап ыстық сақталады. Сонымен қатар бірнеше өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Синоптиктердің мәліметінше, 6 шілдеде Астанада жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Сонымен қатар өңірдің бір бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болжанған. Кей аудандарда желдің екпіні 23-25 м/с-қа дейін күшейеді. Ал Қазақстандық Алтай тауларында өте қатты жауын-шашынға байланысты сел жүру қаупі жарияланды.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен тұман күтіледі.
Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Бұл өңірлерде де жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады. 6 шілдеде:
-
Атырау облысында ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі, таңертең және күндіз батысында жаңбыр мен найзағай күтіледі;
-
Ақтөбе облысында күндіз 35-38 градус ыстық болады;
-
Батыс Қазақстан облысында 35-36 градус ыстық болжанады;
-
Маңғыстау облысында ауа температурасы 38-40 градусқа дейін жетеді.
Бұдан бөлек, 7-8 шілдеде Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен батысында, ал 8 шілдеде Ұлытау облысының оңтүстігі мен батысында күндізгі ауа температурасы 40-41 градусқадейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының орталығында төтенше, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, ал жолға шығатын азаматтарды ауа райы болжамын алдын ала ескеруге шақырды.
Материал авторы