1212

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Президент Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы рөліне тоқталды.

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы жазды.

Президент өз құттықтауында Тұңғыш Президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалап, Қазақстан Республикасын құрудағы, елдің экономикалық әлеуетін нығайтудағы және халықаралық аренадағы беделін арттырудағы тарихи еңбегіне тоқталған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызын ерекше атап өткен.

«Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Сөз соңында Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі. 

Материал авторы