2357

Венесуэладағы жер сілкінісінің құрбандары 3,5 мыңнан асты

БҰҰ бағалауынша, жер сілкінісінен кейін 50 мыңға дейін адам із-түзсіз жоғалған болуы мүмкін.

Венесуэладағы жер сілкінісінің құрбандары 3,5 мыңнан асты
Miguel Medina / Reuters

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Венесуэлада маусым айының соңында болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 3 535 адамға жетті. Мыңдаған тұрғын жарақат алып, ондаған мың адам із-түзсіз жоғалған болуы мүмкін. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) басылымы жазды.

Венесуэла парламентінің төрағасы Хорхе Родригестің мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін 3 535 адамның қаза тапқаны, тағы 16 740 адамның жараланғаны расталды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Венесуэла билігі әзірге із-түзсіз жоғалғандар туралы ресми статистиканы жариялаған жоқ. Алайда БҰҰ бағалауынша, жоғалғандар саны 50 мың адамға дейін жетуі ықтимал.

Жойқын табиғи апат 24 маусымға қараған түні елдің солтүстігінде, астана Каракастың батысындағы аумақта болды. Араға небәрі 39 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі тіркелген. Бұл соңғы 125 жылдағы Венесуэладағы ең күшті сейсмикалық оқиға саналады.

Негізгі дүмпулерден кейін ондаған афтершок болып, көптеген тұрғын үй қирады.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен өңір – Ла-Гуайра штаты. Бұл аймақта елдің халықаралық әуежайы мен ең ірі теңіз порты орналасқан.

Жер сілкінісінен кейін Венесуэла билігі елде төтенше жағдай режимін енгізіп, жеті күндік аза тұту жариялады. 

Материал авторы