Роналдуның әлем чемпионы болу арманы аяқталды
Испания соңғы секундтарда жеңісті жұлып алып, Португалия жарыстан шығып қалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. 1/8 финалда испандар Португалияны ең соңғы минуттарда соғылған голдың арқасында 1:0 есебімен жеңді.
Кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан «AT&T Stadium» аренасында өтті. Матчқа ағылшын төрешісі Энтони Тейлор бастаған төрешілер бригадасы қазылық етті.
Ойынның негізгі уақыты голсыз аяқталуға жақын қалған сәтте Испания құрамасы жеңісті жұлып әкетті. Қосылған уақыттың 90+1-минутында жартылай қорғаушы Микель Мерино қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша Португалия құрамасы турнирмен қош айтысты. Бұл 41 жастағы Криштиану Роналду үшін мансабындағы алтыншы әрі соңғы әлем чемпионаты болуы ықтимал. Соның нәтижесінде аңыз шабуылшының әлем чемпионы атану арманы орындалмай қалды.
Енді Испания құрамасы ширек финалда АҚШ пен Бельгия арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Еске салайық, қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы. Аргентиналықтар 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Францияны пенальти сериясында жеңіп, чемпион атанған болатын.
Бұған дейін Эрлинг Холандтың дублінің арқасында Норвегия құрамасы Бразилияны жеңіп, ширек финалға шыққан еді.
Материал авторы