1181

«Ұлы ғана аман қалды»: Әкесі мен ұлы Каспийде суға батып кете жаздады

Ер адамның өмірін сақтап қалу үшін куәгерлер мен дәрігерлер ұзақ уақыт реанимация жүргізді.

«Ұлы ғана аман қалды»: Әкесі мен ұлы Каспийде суға батып кете жаздады
Lada.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы Caspian Star демалыс базасы маңында Каспий теңізіне шомылып жүрген әкесі мен ұлы суға батып кете жаздады. Демалушылар екеуін де судан алып шыққанымен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға әйел адамның теңізде адамдардың батып бара жатқаны туралы жанұшыра көмек сұраған айқайынан кейін белгілі болған. Демалушылар қатты толқынға қарамастан әкесі мен баласын жағаға шығарып үлгерген.

Бала зардап шекпеген. Алайда ер адам жағаға ес-түссіз күйде жеткізілген.

Жедел қызметтер келгенге дейін оқиға куәгерлері ұзақ уақыт бойы жүрек-өкпе реанимациясын өздері жасаған. Кейін құтқарушылар мен екі жедел жәрдем бригадасы көмекке қосылды.

Соған қарамастан, бір сағаттан астам уақытқа созылған реанимациялық шаралар нәтиже бермей, дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.

Куәгерлердің сөзінше, қайғылы жағдай құтқарушылар бекеті жоқ, арнайы жабдықталмаған жағалау учаскесінде болған. Сонымен қатар бұл аумақта ұялы байланыс тұрақсыз жұмыс істегендіктен, төтенше қызметтерді шақыру және олардың оқиға орнына жетуі қиындаған. 

Материал авторы