1065

Макрон Асад билігі құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы Еуропадағы басшы болды

Макрон Сирияның егемендігін қолдайтынын мәлімдеді.

Макрон Асад билігі құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы Еуропадағы басшы болды
Simon Wohlfahrt/Pool Photo via AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон ресми сапармен Сирияға барып, өтпелі кезеңдегі мемлекет басшысы Ахмед аш-Шараамен келіссөз өткізді. Осылайша ол Башар Асад режимі құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы Батыс елінің көшбасшысы атанды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Сапардың негізгі мақсаты – Сирияны қалпына келтіру мәселелерін талқылау.

Макронмен бірге Францияның ірі компанияларының басшылары да барған. Олардың қатарында TotalEnergies энергетикалық тобы мен CMA CGM кеме тасымалы компаниясының жетекшілері бар.

Дамаскіге келген Франция президенті Сирия халқына қолдау білдіретінін айтты.

– Мен Францияның сириялық халықтың егемен, біртұтас мемлекет құру жолындағы ұмтылысын қолдайтынын растау үшін келдім. Сирия көршілерімен бейбіт қарым-қатынас орнатып, плюрализм қағидаттарын ұстануы тиіс. Өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықтың жаңа кезеңін бірге бастайық, – деді Эммануэль Макрон.

Өз кезегінде Ахмед аш-Шараа Франция Сирияның қаржы секторын қайта жандандыруға, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті және туризмді қалпына келтіруге қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұрынғы билік кезінде ел есірткі саудасына тәуелді болып, Сирия заңсыз есірткі өндірісінің ірі орталығына айналған.

– Дамаскіге келген бойда біз осы заңсыз тасымал арналарына тосқауыл қою жұмыстарын бастадық. Франциямен қауіпсіздік саласындағы мақсаттарымыз ортақ. Бұл сапар соның нақты дәлелі. Өткен жылдан бері дамып келе жатқан қарым-қатынасымыз енді нақты жобаларды жүзеге асыру кезеңіне өтті, – деді Ахмед аш-Шараа BFMTV телеарнасына берген сұхбатында. 

Материал авторы