Атырау облысында екі көлік соқтығысып, алты адам ауруханаға түсті
Зардап шеккендердің барлығы облыстық ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау – Ақтөбе автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам түрлі жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы облыстық ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Atyrau Online басылымы Атырау облысы полиция департаментінің мәліметіне сілтеме жасап жазды.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты 6 шілде күні сағат 13:30 шамасында Атырау – Ақтөбе тасжолының 582–315-шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard пен Volkswagen Polo жеңіл көліктері соқтығысқан.
Салдарынан екі көліктегі алты жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем қабылдап жатыр.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің нақты жағдайы нақтыланып жатыр.
Материал авторы