Қазақстан бір жылда Қытайға 5 млрд текше метр газ жіберді
QazaqGaz 2025 жылды 270,9 миллиард теңге таза пайдамен аяқтағанын мәлімдеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылы Қазақстан Қытайға 5 миллиард текше метр табиғи газ экспорттады. Ал ел аумағындағы магистральдық газ құбырлары арқылы жалпы 88,9 миллиард текше метр газ тасымалданған. Бұл туралы Үкімет отырысында «QazaqGaz» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Әлібек Жамауовтың мәлімдеді.
Әлібек Жамауовтың айтуынша, өткен жылы магистральдық газ тасымалының көлемі 88,9 миллиард текше метрге жеткен.
– 2025 жылдың қорытындысы бойынша магистральдық газ тасымалының көлемі 88,9 миллиард текше метр болды. Ішкі нарыққа 20,5 миллиард текше метр газ жеткізілді. Ал Қытайға экспорт көлемі 5 миллиард текше метрді құрады, – деді ол Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, «QazaqGaz» компаниясының қаржылық көрсеткіштері де жарияланды.
Компанияның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысында таза пайда 270,9 миллиард теңгені құраған. Ішкі нарықты субсидиялауға жыл сайын 226,3 миллиард теңге бағытталады. Ал мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 325,8 миллиард теңгеге жеткен.
Материал авторы