Оралда жігіт ұрлаған айғырмен қашпақ болды
Құны 1,2 млн теңгелік айғырды мініп кеткен күдікті ұсталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласында полицейлер құны 1,2 миллион теңге болатын айғырды ұрлады деген күдікпен 24 жастағы тұрғынды ұстады. Күдікті жылқыны ұрлағаннан кейін оны мініп, оқиға орнынан бой тасалауға әрекеттенген.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнгі уақытта қаланың шағынаудандарының бірінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адам жеке тұрғын үйдің ауласынан екі жастағы айғырды ұрлап кеткен. Ұрлықтан кейін күдікті жылқыны мініп, ізін суытқан. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,2 миллион теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – Орал қаласының 24 жастағы тұрғыны.
Күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындаған.
Полицейлер ұрланған айғырды тауып, заңды иесіне қайтарды.
Аталған дерек бойынша мал ұрлығы фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы