403

8 шілдеге арналған ауа райы: Қазақстанның оңтүстігінде +40 градусқа дейін ыстық болады

Елдің бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

8 шілдеге арналған ауа райы: Қазақстанның оңтүстігінде +40 градусқа дейін ыстық болады
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 8 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар солтүстік, шығыс, орталық және батыс өңірлердің бірқатар аумағында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел күтіледі.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32 градус болады.

Алматыда күн құбылмалы болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіндейді. Температура түнде +19…+21, күндіз +31…+33 градус.

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел күшейіп, ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбеде жаңбыр, найзағай, кей уақытта нөсер, бұршақ және екпінді жел болжанады. Температура +30…+32 градус шамасында болады.

Ақтауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз ауа +28…+30 градусқа дейін жылиды.

Атырауда арагідік жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Желдің екпіні күшейеді. Күндізгі температура +31…+33 градус.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Температура +32…+34 градус.

Қарағандыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура +26…+28 градус.

Көкшетауда күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Температура +30…+32 градус.

Қонаевта өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел болжанған. Температура +33…+35 градус.

Қостанайда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз +33…+35 градус ыстық болады.

Қызылордада күн ашық болады. Ауа температурасы +38…+40 градусқа дейін жетеді.

Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Температура +30…+32 градус.

Петропавлда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Температура +29…+31 градус.

Семейде жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Күндіз +30…+32 градус болады.

Талдықорғанда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура +32…+34 градус.

Таразда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз +35…+37 градус ыстық болады.

Түркістанда жауын-шашын күтілмейді. Жел күшейіп, ауа температурасы +38…+40 градусқа дейін көтеріледі.

Оралда жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Температура +30…+32 градус.

Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Температура +28…+30 градус болады. 

Материал авторы