351

Тұрғындарды шошытқан әрекет: Ақтауда ер адам жалаңаш жүргені үшін сотталды

Құқық бұзушы бұған дейін де дәл осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған.

Тұрғындарды шошытқан әрекет: Ақтауда ер адам жалаңаш жүргені үшін сотталды
Dnepr24

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жалаңаш күйде подъезде жүрген ер адамның әрекеті сотқа дейін жетті. Сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. 

Оқиғаға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына хабарлаған. Тексеру барысында құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің арызы, әкімшілік хаттама және оқиға орнындағы бейнежазба арқылы дәлелденді.

Анықталғандай, ер адам бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Биылғы оқиға алдыңғы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл өтпей қайталанғандықтан, оның әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша сараланды.

Сот мәліметінше, аталған бап бойынша 60-тан 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор