280

СҚО-да әткеншектің арқалығы құлап, жасөспірім қыз ауруханаға түсті

Оқиға орнына құтқарушылар мен медицина қызметкерлері дереу жетіп, зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді.

СҚО-да әткеншектің арқалығы құлап, жасөспірім қыз ауруханаға түсті
бейнежазбадан / ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында ойын алаңындағы жазатайым оқиғадан жасөспірім қыз зардап шекті. Әткеншектің жоғарғы арқалығы оның үстіне құлап, қыз ауруханаға жеткізілді.

Оқиға Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2009 жылы туған қыздың үстіне әткеншектің жоғарғы арқалығы құлаған.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына тас жолдағы медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жедел барған.

Құтқарушылар зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жағдайын бағалағаннан кейін оны Тайынша қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізді.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы тұрақты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор