Түркістанда танымал журналистің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды
Белгілі журналистің көлігін айдап кеткен әйел анықталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістанда белгілі журналистің автокөлігін заңсыз айдап кеткен күдікті бірнеше сағаттың ішінде анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті жазды.
Полицияның мәліметінше, Түркістан қалалық полиция басқармасына өңірдегі танымал журналист, ақпараттық порталдың директоры әрі жетекшісі арызданған.
Ол жұмыс орнының маңына қойған жеке автокөлігін белгісіз біреулердің заңсыз иемденіп кеткенін мәлімдеген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иелену» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу барысында полицейлер оқиға орнын мұқият қарап шығып, қала көшелеріндегі бейнебақылау камераларының жазбаларын жан-жақты зерделеген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бірнеше сағат ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол – жұмыссыз жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта автокөлік заттай дәлел ретінде тәркіленіп, мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Материал авторы