176

Доллар арзандады: ірі қалалардағы айырбастау пункттерінің бағамы қандай?

Қазақстанның үш мегаполисіндегі доллар, еуро және рубль бағамы белгілі болды.

Доллар арзандады: ірі қалалардағы айырбастау пункттерінің бағамы қандай?
REUTERS / Jo Yong–Hak

Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы жарияланды

9 шілдедегі мәлімет бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату бағамы белгілі болды.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада АҚШ доллары орта есеппен 466,01 теңгеден сатып алынып, 472,99 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 533,03 теңге, сату бағамы 542,99 теңге. Ал Ресей рублі 5,65-5,95 теңге аралығында саудалануда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 469,45 теңгеден сатып алынып, 471,97 теңгеден сатылуда. Еуро 534,67 теңгеден қабылданып, 535,71 теңгеден өткізілуде. Ресей рублінің бағамы 5,79-5,94 теңге аралығында қалыптасты.

Шымкентте долларды сатып алу бағамы 469,63 теңге, сату бағамы 471,75 теңге болды. Еуро 534,09 теңгеден сатып алынып, 540,71 теңгеден сатылып жатыр. Ал рубль 5,80 теңгеден қабылданып, 5,88 теңгеден өткізілуде.

Қазақстан Ұлттық банкінің 9 шілдеге белгілеген ресми бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары – 467,98 теңге, 1 еуро – 533,87 теңге, 1 Ресей рублі – 6,11 теңге.

Айта кетейік, 8 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа сараланған бағамы 2,76 теңгеге төмендеп, 467,98 теңгені құрады.

Материал авторы