142

Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілердің ТОП-10 қатарына енді

Рыбакинаның бір жылдық табысы 16,3 млн долларға жетті.

Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілердің ТОП-10 қатарына енді
instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің алғашқы ондығына кірді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Sportico басылымы жариялаған рейтингке сәйкес, қазақстандық спортшы 10-орынға тұрақтады. Оның бір жылдағы жалпы табысы 16,3 миллион долларды құрады.

Оның ішінде 11,3 миллион доллар турнирлердегі жүлде қорынан түскен болса, тағы 5 миллион доллардемеушілік келісімшарттар есебінен табыс тапқан.

Рейтингтің көшін испаниялық Карлос Алькарас бастап тұр. Оның 2026 жылғы табысы 62,9 миллион доллардықұраған. Екінші орынға 59 миллион доллармен италиялық Янник Синнер жайғасса, үздік үштікті 40,3 миллион доллар табыс тапқан америкалық Коко Гауфф түйіндеді.

Үздік ондыққа сондай-ақ Серена Уильямс, Арина Соболенко, Новак Джокович, Чжэн Циньвэнь, Ига Швёнтек және Александр Зверев енген.

2026 жылғы ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингі:

Карлос Алькарас (Испания) – 62,9 млн доллар;

Янник Синнер (Италия) – 59 млн доллар;

Коко Гауфф (АҚШ) – 40,3 млн доллар;

Серена Уильямс (АҚШ) – 40 млн доллар;

Арина Соболенко (Беларусь) – 35,9 млн доллар;

Новак Джокович (Сербия) – 25,6 млн доллар;

Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 24,6 млн доллар;

Ига Швёнтек (Польша) – 22,8 млн доллар;

Александр Зверев (Германия) – 16,7 млн доллар;

Елена Рыбакина (Қазақстан) – 16,3 млн доллар. 

Материал авторы