Алакөл жағалауында әйелмен қатынасқа түскен ер адамды ұрып кеткен
Желіде тараған Алакөлдегі видеоға полиция түсініктеме берді.
Әлеуметтік желілерде Алакөл жағалауында ер адам мен әйелдің көпшілік алдында интимдік әрекетке барғаны түсірілген видео қайта тарады. Кадрларда кейін бірнеше жігіттің ер адамды соққыға жыққаны көрінеді.
Бейнежазба сипаттамасында ер адам мен әйелдің демалушылардың көзінше әдепсіз әрекетке барғаны, мұны байқаған бірнеше жігіттің кейін ер адамға күш қолданғаны айтылған. Видеоны нақты қашан түсірілгені көрсетілмеген.
Абай облысы Полиция департаменті бұл оқиғаның жаңа емес екенін мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, аталған жағдай 2023 жылы болған.
Полиция барлық қатысушылардың жеке басы анықталғанын хабарлады. Тергеу барысында жанжалға қатысқан тараптардың бір-біріне ешқандай талабы жоқ екені белгілі болып, олар жазбаша арыз беруден бас тартқан.
Материал авторы