1274

Ақтаудағы кафеде ер адамның бетінен атып кетті

Полиция күдіктіні жедел ұстап, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ақтаудағы кафеде ер адамның бетінен атып кетті
бейнежазбадан

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде болған атыс салдарынан ер адам бет тұсынан оқ жарақатын алды. Бұл туралы 112_aktau Telegram арнасы жазды.

8 шілдеге қараған түні, шамамен сағат 01:00-де Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болды. Оқиға кезінде ер адам бет аймағынан оқ жарақатын алған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті көп ұзамай ұсталды.

Зардап шеккен азамат дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті көмек көрсетілген. Ресми ақпаратқа сәйкес, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның өзге мән-жайы мен қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беру мәселесі әзірге жарияланған жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор