Танымал түрік актрисасы неден қайтыс болғаны белгілі болды
Өз туған күнінде қайтыс болған актрисаның өліміне не себеп болғаны анықталды.
Түркияның танымал актрисасы, «Мүкжидек шәрбаты» («Клюквенный щербет») телехикаясы арқылы көпшілікке танылған Эдже Иртемнің өліміне этил спиртінен улану себеп болғаны анықталды.
Hürriyet газетінің мәліметінше, бұл қорытынды актрисаның мәйітіне жүргізілген сот-медициналық сараптамадан кейін жасалған.
Сараптама нәтижесінде Стамбұлдағы өз үйінде көз жұмған 35 жастағы актрисаның қанындағы алкоголь мөлшері 395 мг/дл болғаны анықталған. Дәрігерлер оның өліміне этил спиртінен улану себеп болғанын көрсетті.
Басылымның жазуынша, Эдже Иртем қайтыс болардан бір күн бұрын өзінің 35 жасқа толған туған күнін атап өткен. Келесі күні таңертең өзін жайсыз сезініп, түске қарай жағдайы күрт нашарлаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері актрисаның өмірін сақтап қала алмады.
Алғашында әлеуметтік желілер мен түркиялық бұқаралық ақпарат құралдарында Эдже Иртемнің жүрек талмасынан қайтыс болғаны туралы болжамдар тараған еді. Алайда сот-медициналық сараптама бұл нұсқаны растаған жоқ.
Эдже Иртем 15 маусымда кенеттен өмірден өтті. Ол Түркияның Кушадасы қаласындағы зиратқа жерленген.
Актриса «Мүкжидек шәрбаты», «Мистер Қате» («Mr. Wrong») және «Отбасы» («Aile») сияқты танымал түрік телехикаяларындағы рөлдерімен көрерменге кеңінен танылған.
Материал авторы