1646

Астанада мешітте ұйықтап қалған ер адамның телефоны ұрлап кетті

Таңғы намаздан кейін демалып жатқан жігіт телефонынан айырылып қалды.

Астанада мешітте ұйықтап қалған ер адамның телефоны ұрлап кетті
бейнежазбадан

Астанада таңғы намазға келген ер адамның ұялы телефоны мешіттің ішінде ұрланды. Полиция күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен сол күні-ақ қолға түсірді.

Полицияның мәліметінше, ер адам таңғы намазын оқығаннан кейін демалып алмақ болып, жанындағы ұялы телефонын қуаттағышқа қосып қойған.

Осы сәтті пайдаланған тағы бір келуші айналасында ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды жасырын алып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, күдіктінің жеке басын сол күні анықтады.

Күдікті 25 жастағы ер адам болып шыққан. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда жеке мүлкіне мұқият болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары қылмыстың куәсі болған немесе заңсыз әрекеттерден зардап шеккен жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор