1097

Үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін: синоптиктер қолайсыз жағдай туралы ескертті

Синоптиктер ауадағы зиянды қоспалардың таралмай, жерге жақын қабатта жиналу қаупі бар екенін хабарлады.

Үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін: синоптиктер қолайсыз жағдай туралы ескертті
pexels.com

12 шілдеде Қазақстанның үш қаласында атмосфералық ауа сапасына әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

«Қазгидромет» мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) Қостанай, Алматы және Астана қалаларында болжанып отыр.

Мамандардың айтуынша, мұндай кезде ауа құрамындағы зиянды қоспалар жерге жақын қабатта жиналып, қалыпты жағдайда тарай алмайды. Бұған желдің әлсіреуі, ауа райының тұрақсыздығы, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлар әсер етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде атмосферадағы ластаушы заттардың мөлшері уақытша артып, әсіресе халық тығыз орналасқан аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарда ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Синоптиктер мұндай кезеңдерде ауа жағдайын бақылауға және денсаулыққа әсер етуі мүмкін факторларға назар аударуға шақырады.

Материал авторы