Бүркіт пен Аиша қыздарының тұсаукесерін үйде өткізді
Бүлдіршінді екі әжесі жетектеп, қазақы дәстүрге сай тұсаукесер рәсімі жасалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Айбек Жансейітов (Бүркіт) пен жұбайы Аиша кенже қыздары Латифаның тұсаукесер рәсімін өз шаңырағында, ең жақын туыстарының ортасында өткізді.
Өнер иесі әлеуметтік желіде отбасылық мерекеден бейнежазба жариялап, қызының алғашқы туған күні мен тұсаукесері қатар аталып өткенін айтты.
Бүркіттің айтуынша, Латифаның тұсауын әжесі кескен. Ерлі-зайыптылар қызына әжесінің даналығы, шығармашылығы мен ұзақ ғұмыры дарысын деген ниет білдірген.
Салтқа сәйкес, бүлдіршінді екі әжесі қолынан жетектеп жүргізген. Ал тұсауы кесілгеннен кейін дәстүрлі таңдау рәсімінде Латифа ақшаға қол созған.
Желі қолданушылары өнерлі отбасыны құттықтап, бүлдіршінге ақ жол, мықты денсаулық пен бақыт тіледі. Кейбірі оның ақша таңдағанын болашақтағы іскерлігімен байланыстырып, ізгі тілектерін жеткізді.
Материал авторы