905

Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында жалаңаш жүрген ер адам қамауға алынды

Белгілі болғандай, бұл ер адам бұған дейін де осындай әрекеті үшін полицияның назарына ілінген.

Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында жалаңаш жүрген ер адам қамауға алынды
бейнежазба

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында түн ортасында жалаңаш жүрген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 25 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған. 48 жастағы елорда тұрғыны тұрғын үй кешенінің ауласында киімсіз жүріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Полиция әлеуметтік желіде ер адамның ұсталған сәті түсірілген бейнежазбаны жариялады.

Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орташа дәрежеде алкогольдік мас күйде болғаны анықталған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл оның осындай әрекетке алғаш рет баруы емес. Бұған дейін де аталған азамат өзенде жалаңаш шомылып жүрген кезінде полицияның назарына ілінген.

Сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ұсақ бұзақылыққа қатысты бабы бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор