Бір үйдің төрт адамын өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды
Қайын жұртын қырып салған айыпталушы төрт адамды өлтіргені және қылмыстың ізін жасыруға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды.
Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шықты. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сот Сәрсемәлиевті бірнеше адамды қасақана өлтіру, қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасау және жәбірленушілердің мүлкін иемдену баптары бойынша кінәлі деп таныды.
Соттағы соңғы сөзінде айыпталушы прокурор сұраған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына келісетінін айтып, соттың кез келген шешімін қабылдауға дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге ол жұбайының туыстары тарапынан қысым көргенін алға тартып, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді. Сондай-ақ төрт адамның өмірін қиғанын мойындады.
Материал авторы