1738

Президент сайлауға тағы да түссін деп жүргендер бар

Қабылданған Жаңа Коституцияда өзгерістер баршылық. Шынында, көп нәрсе жаңартылып жатыр. Құқықтық және әлеуметтік өзгерістермен қатар саяси өзгерістерге де реформалық ауқымда кеңінен жол ашылғандай. Әдейілеп жасалмаса да, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болған жылдарының күші жойылатыны айтылып жатыр. Бұл жайлы Конституциялық соттың өзі мәлімдемеді. Содан кейін Президенттің тағы да сайлауға түсе алатыны қоғамда қызу талқыға салынуда. Бұған қатысты президенттің өзі әзірге үн қатқан жоқ.

Президент сайлауға тағы да түссін деп жүргендер бар
Ақорда

Конституциялық Соттың түсіндірмесінде Жаңа Конституция бойынша лауазымды тұлғалар, соның ішінде Президент, өз қызметіне алғаш рет сайланған немесе тағайындалған болып есептелетіні айтылады. Тоқаевтың осыған дейінгі президенттік мерзімі жаңа жүйе бойынша есептелмейді. Президентке 2029 жылы өтетін сайлауға қатысып, жеңіске жеткен жағдайда тағы бір мерзімге сайлануына заңды мүмкіндік береді. Президент әкімшілігі бұл норманы тек техникалық-құқықтық процедура деп бағаласа, кейбір саясаттанушылар бұны билікте ұзағырақ қалу үшін жасалған алдын-ала есептелген қадам деп санайды.

Президент сайлауға қайта түсе алады деген тұжырымды әркім әр қалай қабылдап жатыр. Біреу бұған қарсы еместігін білдірсе, енді біреу түбегейлі қарсы. Ал Президенттің өзі алдағы сайлауға түспейтінін күнібұрын шегелеп айтқан. Қазақстан президенттері жеті жылдық бір ғана мерзімге сайланатын қағида бекітілген. Соған қарағанда Президентсайлауға тағы да түседі деген сенім жоққа тән болса керек. Қоғам мен халық қолқалаған күнде де келесі сайлауға түсуі екіталай деуге негіз бар.

Бір қызығы, Ertenmedia.kz басылымы Тоқаевтың Прензидент сайлауына түсу немесе түспеуіне қатысты тосын ұстанымын беріпті. Түскені дұрыс дегенге келтірілген және мұны геосаясатпен байланыстырылған.  Материалға «Күйреу алдында тұрған Кремль немесе Тоқаев неге билікте қалуы керек?» деген тақырып қойылған.

Жазуларынша, соңғы айларда Ресей іштей де, сырттай да жүйелі түрде күйреп, басқарылмайтын хаостың баспалдағында тұр.

Онда былай делінеді: « ...сыртқы қатерлер артқан тұста ел ішіндегі кез келген саяси эксперимент, билік транзитіндегі вакуум немесе ішкі жікшілдік сыртқы күштердің Қазақстанды өз ойындарының полигонына айналдыруына жол ашады. Елдің ішкі мызғымас тұрақтылығын сақтап, сыртқы соққыларға төтеп беру үшін дәл қазір Мемлекет басшысының билікте отыруы ұлттық қауіпсіздік пен саяси сабақтастықтың ең басты стратегиялық кепілі. Неге?

Себебі, агониядағы (жанталас алдындағы) империяның жақын уақытта бізге қатысты арандатуы күрт күшейуі ғажап емес.

Мұндай нәзік сәтте Ақордаға эмоцияға берілгіш немесе тәжірибесіз басшының келуі Мәскеумен тікелей әскери-саяси қақтығысқа соқтыруы әбден мүмкін».

Мұндай тұжырымға сын айтып жатқандар да көп, дұрыс көрушілер де аз емес...

Материал авторы

Серік Алдан
Серік Алдан Саяси шолушы