1004

Ақмола облысында оқушы қызды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Қаскөй төрт бап бойынша кінәлі деп танылды.

Ақмола облысында оқушы қызды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
orda.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Целиноград ауданындағы Ынтымақ ауылында тоғызыншы сынып оқушысының өліміне қатысты резонансты іс бойынша үкім шығарды. Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Turar Media жазды.

Іс жабық режимде қаралды. Өйткені жәбірленуші кәмелетке толмаған болған және қылмыстық іс материалдарында жыныстық қолсұғылмаушылыққа қатысты айыптар да қамтылған.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 2025 жылдың қараша айында болған. Тоғызыншы сынып оқушысы Валерия Цындря танысының үйіне кеткен. Біраз уақыттан кейін қыз дүкенге жүгіріп кіріп, «көмектесіңдер» деп айқайлаған күйі табалдырыққа құлап, пышақ жарақаттарынан көз жұмған.

Қылмысқа күдікті ретінде 34 жастағы Владимир Виногрон оқиға болғаннан кейін көп ұзамай ұсталған.

Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің төрт бірдей бабы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкімнен кейін марқұмның анасы сот шешіміне қатысты пікір білдіріп, қандай жаза тағайындалса да қызының өмірін ешкім қайтара алмайтынын айтты.

«Бұл – оған берілген өте гуманистік жаза. Ол өмір сүре береді, тамақ ішеді, жақындарын көреді. Ал менің баламды ешкім қайтармайды. Өмірдің мәні қалмады. Бір күні жеңілдеп қалармын деп күттім. Бірақ ондай күн ешқашан келмейтінін түсіндім», – деді ол.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор