898

8 жасар қызды жылдар бойы қорлаған өгей әке өмір бойына сотталды

Павлодар соты бүлдіршінді қорлаған қылмыскерге қатысты аяусыз үкім шығарды.

8 жасар қызды жылдар бойы қорлаған өгей әке өмір бойына сотталды
31 арна

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда өгей қызына бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келген 36 жастағы ер адамға қатысты қатал сот үкімі шықты. Сот айыпталушының кінәсін толық дәлелдеп, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «31 арна» жеткізді.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, бүлдіршінге жасалған қиянат 2022 жылдан 2025 жылға дейін жалғасқан. Алғашқы оқиға орын алған кезде қыз бала небәрі сегіз жаста болған. Іс материалдарында өгей әкенің қылмысты жасыру мақсатында баланы үнемі қорқытып, үнсіздікке мәжбүрлегені айтылады.

Қылмыстық іс заң талаптарына сай жабық режимде қаралды. Сот айыпталушының кінәсін толықтай дәлелдеп, оған заң аясында баламасыз ең ауыр жаза кесті.

«Сот үкімімен Б. есімді азамат кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды», — деп хабарлады Павлодар облыстық соттарының баспасөз қызметінің жетекшісі Агидель Ибраева.

Сотталған азамат өзіне кесілген жаза мерзімін төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор