Еңбек жасақтарында жұмыс істейтін жастар 130 мың теңгеге дейін жалақы алады

13.05.2023, 11:57
794
Еңбек жасақтарында жұмыс істейтін жастар 130 мың теңгеге дейін жалақы алады smartnews.kz

Ақтөбе облысында 2 мың жас «Жасыл ел» және «Атамекен» құрылыс жасақтарында еңбек етеді. Олардың еңбекақысы 120-130 мың теңге болады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтөбе облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасы арқылы 1200 жас орман шаруашылығына барады. Онда көгалдандыру жұмыстарын жасайды. Ал 800-і абаттандыру және құрылыс саласына бағытталады.

«Биыл жастардың жалақысы өсті. Былтыр 100 мың теңге алса, биыл 120-130 мың теңге еңбекақы беріледі. Бұл жастардың жұмысына байланысты берілетін жалақы көлемі. Негізі 16-35 жас аралығындағы жастар еңбекке араласа алады. Мектеп оқушылары ата-анасының рұқсатын алуы тиіс. Жастардан жеке куәлік көшірмесе, 075 анықтамасы мен жұмыссыздығын растайтын құжат сұралады», - деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттер отрядтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

Қазіргі кезде жастардың алғашқы легі еңбегін бастап кетті. Жалпы 200-ден астам жас орман шаруашылығындағы жұмысқа тартылды. Ал 100-ден астамы қаланы абаттандыруға үлес қосып жүр.

«Көгалдандыру жұмыстарына тартылған жастар қазір Мағаджан тәлімбағында ағаш суарып, арамшөбін жұлады. Сонымен бірге бір бөлігі тасжол жиегіндегі құмды жинау, қоқыс жинау, талдарды әкетуге жұмылдырылады. Жол белгілерін де сырлайды», - деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттер отрядтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев.

«Таза қала» акциясы аясында өзен жағасы да тазаланады. Бұл – апта сайын атқарылатын жұмыс. «Менің атаулы ағашым» акциясы көктемде ұйымдастырылды. «Ардагерлерімізді ардақтайық» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесу жолы қарастырылған.

Айта кетейік, толық емес, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп отырған 100 бала күзде елордаға жолдама алады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды