Түркістан облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
Toyota Camry мен Volkswagen Passat көліктерінің бетпе-бет соқтығысуынан жеті адам оқиға орнында көз жұмды.
Түркістан облысында болған ірі жол-көлік оқиғасы жеті адамның өмірін қиды. Toyota Camry мен Volkswagen Passat көліктерінің бетпе-бет соқтығысуынан көліктердегі азаматтардың ешқайсысы аман қалған жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 17 шілдеге қараған түні Шаян – Екпінді автожолында болған.
Жол апаты салдарынан екі көлікте отырған жеті адам алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Олар жедел қызмет өкілдері келгенге дейін қайтыс болған.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушілер жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Тексеру нәтижесіне сәйкес заңнама талаптарына сай процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, жол жағдайын ескеруге және рөлде барынша мұқият болуға тағы да үндеу жасады.
Материал авторы