Smart News 2026 жылғы Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен тарифтерін жариялайды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес Smart News желілік басылымы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен тарифтерін жариялайды.
Үгіт материалдарын орналастыру 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Материалдарды жариялау «GNS GROUP» ЖШС мен саяси партия немесе оның уәкілетті өкілі арасында жасалған жазбаша шарт негізінде іске асырылады.
Материалдарды орналастыру тәртібі
Шарт жасасу үшін «GNS GROUP» ЖШС басшысының атына жазбаша өтініш ұсынылуы тиіс. Онда:
- орналастыру форматы;
- жарияланым көлемі;
- жариялау мерзімі;
- жарияланатын алаңдар көрсетілуі қажет.
Барлық өтініштер келіп түскен күні мен уақыты бойынша тіркеледі.
Материалдарды орналастыру кезектілігі өтініштің тіркелген уақытына сәйкес анықталады. Бір уақытта бірнеше өтініш түскен жағдайда кезектілік жеребе арқылы белгіленеді.
Қажетті құжаттар
Өтінішке:
- партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
- өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
- қажет болған жағдайда сенімхат немесе шартқа қол қою құқығын растайтын өзге құжат қоса беріледі.
Материалдарға қойылатын талаптар
Үгіт материалдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болуы тиіс.
Заңнамада көзделген жағдайларда материалда:
- дайындаушы ұйым;
- тапсырыс беруші;
- қаржыландыру көзі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Материалдардың мазмұны үшін, сондай-ақ авторлық құқықтардың сақталуына саяси партия жауап береді.
Орналастырудан бас тарту негіздері
«GNS GROUP» ЖШС төмендегі жағдайларда материалдарды жариялаудан бас тартуға құқылы:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келсе;
- конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақырса;
- мемлекеттің аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге үндесе;
- әлеуметтік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздырса;
- зорлық-зомбылықты насихаттаса;
- сайлау процесінің басқа қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса.
Үгіт материалдарын орналастыру тарифтері


Кешенді пакеттік ұсыныстар
Smart News саяси партияларға үш дайын пакет ұсынады:

Барлық пакеттерге Smartnews.kz сайтында жарияланымдар, сондай-ақ Smart News-тің Facebook, Instagram және TikTok желілеріндегі жарияланымдары кіреді.
Пакеттердің құны қолданыстағы прайс-парақ негізінде 20% жеңілдікпен есептелген.
Өтініштерді қабылдау
Жазбаша өтініштер:
2026 жылғы 23 шілде мен 18 тамыз аралығында
(демалыс және мереке күндерінен басқа)
09:00–18:00
Үзіліс:
13:00–14:30
аралығында қабылданады.
Факс немесе интернет арқылы жолданған өтініштер қабылданбайды.
Байланыс ақпараты
«GNS GROUP» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қазыбек би көшесі, 37-үй, 287-кеңсе
БСН: 171040000273
«Kaspi Bank» АҚ
БСК: CASPKZKA
ЖСК: KZ21722S000001432639
КБе: 17
+7 701 340 20 08