25586

Анасы мен көзі көрмейтін ұлы үш жасар баланы өлтіріп тастаған

Әйел бастапқыда қайғылы жағдайды кездейсоқ оқиға деп айтқанымен, кейін туыстарының әдейі жасағанын мәлімдеген.

Анасы мен көзі көрмейтін ұлы үш жасар баланы өлтіріп тастаған
pexels.com

Үндістанның Махараштра штатында үш жасар баланың өліміне байланысты оның әкесі мен әжесі ұсталды. Полиция оларды баланы өлтірді және баланың анасын өлтіруге әрекет жасады деп күдіктеніп отыр.

Оқиға 29 маусым күні Джалгаон ауданындағы Кингаон ауылында болған. Полиция мәліметінше, 27 жастағы, көру қабілетінің 70 пайызы жоғалған әйел күйеуімен, енесімен және үш жасар көзі көрмейтін ұлымен бірге діни рәсім өткізу үшін құдық маңына барған. 

Тергеу болжамы бойынша, рәсім кезінде туыстары әйел мен баланы құдыққа итеріп жіберген. Әйел құдық ішіндегі ағаш құрылымнан ұстап қалып, аман қалған. Ол жергілікті тұрғындар көмекке келгенше сол жерде болған. Ал оның үш жасар ұлы суға батып көз жұмған.

Бастапқыда болған жағдай жазатайым оқиға ретінде қарастырылған. Алайда зардап шеккен әйел полицияға берген жауабында бұл әдейі жасалған шабуыл екенін айтқан. Осыдан кейін құқық қорғау органдары оның күйеуі мен енесін жауап алуға шақырып, кейін ұстаған.

Әйелдің айтуынша, жүктілік кезінде күйеуінің туыстары түсік жасатуға үгіттеген. Олар баланың да көзі көрмей тууы мүмкін екенін ойлаған. Алайда әйел баланы дүниеге әкелуге шешім қабылдаған. Бұл шешім отбасы ішінде ұзақ уақыт бойы жанжалға себеп болған.

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор