Былтыр елімізде тіркелген қылмыстардан 495,1 млрд теңге шығын келді – ІІМ

13.05.2023, 17:20
780
Былтыр елімізде тіркелген қылмыстардан 495,1 млрд теңге шығын келді – ІІМ smartnews.kz

Қылмыстардан келген қаржылық залалдың 51,8%-ы жеке және заңды тұлғаларға тиесілі болса, 48,2%-ы мемлекетке қатысты шығындар.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстандағы қылмыстың динамикасына, құрылымына және деңгейіне қатысты қылмыстық-құқықтық статистиканы талдау соңғы 5 жыл ішінде елде қылмыстық құқық бұзушылықтар санын азайтудың тұрақты үрдісі сақталғанын көрсетеді. Атап айтқанда 2018 жылы 292,2 мыңнан 2022 жылы 157,4 мыңға дейін. Осы кезеңде қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдардың саны 1,7 есеге қысқарды. Қылмыстан зардап шеккен әйелдер саны 116,7 мыңнан 64,1 мыңға дейін, ерлер саны 126,1 мыңнан 72,8 мыңға дейін қысқарды. Жалпы, талданып отырған кезеңде кісі өлтіру саны 823-тен 520-ға дейін, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 2 198-ден 1 840-қа дейін, зорлау 3 есе қысқарды», - делінген тұжырымдамада.

Министрлік ақпаратына сай, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны төмендегенімен, олардан болған залал көлемі ұлғайды. Яғни, келген шығын 237,3 млрд теңге болса, былтыр ол 495,1 млрд теңгеге дейін өскен.

«Жалпы, қылмыстардан болатын қаржылық залалдың негізгі үлесі жеке және заңды тұлғаларға тиесілі – 51,8%, ал мемлекетке қатысты – 48,2%. Бұл ретте зиянның жартысынан астамы жыл сайын меншікке қарсы қылмыстармен (ұрлық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету) және 26,5 % экономикалық қызмет саласындағы қылмыстармен байланысты», - деп жазылған құжатта.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған