3324

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты: жаяу жүргінші қаза тапты

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты: жаяу жүргінші қаза тапты
rawpixel.com / Chanikarn Thongsupa

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысындағы Павлодар – Кенжекөл автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Полицияның алдын ала мәліметінше, ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Оқиғадан кейін көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жол апатының нақты себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Павлодар облысының полиция департаменті мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Ведомство жүргізушілерге жылдамдық режимін бұзбауды, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары жол учаскелерінде барынша мұқият болуды және көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды ескертті. 

Материал авторы