3624

Полиция Астана әуежайында жерде жатқан әйелдің видеосына түсініктеме берді

Әуежайда шу шығарған әйел үш бірдей бап бойынша жауапқа тартылды.

Полиция Астана әуежайында жерде жатқан әйелдің видеосына түсініктеме берді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Астана әуежайында еденде жатқан әйелдің видеосы кеңінен тарады. Кейін оның Астана – Шымкент рейсінен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін түсірілгені белгілі болды.

Кадрларда әйелдің еденде жатқанын, ал оның жанында полиция қызметкерлері жүргенін көруге болады. Желі қолданушылары оны полиция ұстап жатыр деген болжам айтқан.

Алайда Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы Шымкент тұрғыны әуе компаниясы өкілдерінің актісі негізінде Астана – Шымкент бағытындағы рейстен түсірілген.

Полицияның хабарлауынша, тексеру барысында әйел мас күйде болған. Ол былапыт сөздер айтып, агрессивті мінез көрсеткен әрі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Осыған байланысты оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды:

қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін;

ұсақ бұзақылық жасағаны үшін;

құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін.

Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор