807

21 шілде: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

21 шілде: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі
Angelo F- / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 шілдеде Қазақстанның көптеген өңірінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Ең жоғары ауа температурасы Талдықорғанда тіркелмек – күндіз ауа +39 градусқа дейін ысиды.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +23...+25 градус болады.

Алматыда күн құбылмалы. Күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай, екпінді жел болжанған. Температура түнде +25...+27, күндіз +34...+36 градус.

Шымкентте де күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Температура түнде +23...+25, күндіз +33...+35 градус.

Ақтөбеде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және екпінді жел күтіледі. Температура түнде +16...+18, күндіз +26...+28 градус.

Ақтауда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +28...+30 градус.

Атырауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.

Жезқазғанда жаңбыр, найзағай және күндіз екпінді жел болады. Температура түнде +18...+20, күндіз +27...+29 градус.

Қарағандыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Температура түнде +16...+18, күндіз +23...+25 градус.

Көкшетауда жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты нөсер, бұршақ және қатты жел болжанған. Температура түнде +13...+15, күндіз +22...+24 градус.

Қонаевта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, кей уақытта жел күшейеді. Температура түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.

Қостанайда бұлтты ауа райы орнап, жаңбыр, қатты нөсер, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Температура түнде +13...+15, күндіз +23...+25 градус.

Қызылордада жауын-шашын болмайды. Күндіз шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Температура түнде +20...+22, күндіз +33...+35 градус.

Павлодарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және күндіз екпінді жел күтіледі. Температура түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.

Петропавлда жаңбыр, кей жерде қатты нөсер, найзағай, бұршақ және қатты жел болады. Температура түнде +16...+18, күндіз +22...+24 градус.

Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жел күшейеді. Температура түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.

Талдықорғанда күндіз аздаған жаңбыр жауады. Температура түнде +20...+22, күндіз +37...+39 градусқа дейін көтеріледі.

Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Температура түнде +21...+23, күндіз +34...+36 градус.

Түркістанда жауын-шашын күтілмейді, күндіз жел күшейеді. Температура түнде +23...+25, күндіз +35...+37 градус.

Оралда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус.

Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Температура түнде +17...+19, күндіз +34...+36 градус. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор