Атырауда 2,5 млн теңге бопсалады деген ер адам ұсталды
Тінту кезінде бопсалау арқылы алынған деген күдікпен 2,2 миллион теңге тәркіленді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында 2,5 миллион теңге бопсалады деген күдікпен Индер ауданының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті жазды.
Полицияның мәліметінше, күдікті Атырау қаласының 35 жастағы тұрғынынан 2,5 миллион теңге талап еткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адам қолға түсті. Тінту кезінде оның қолынан бопсалау арқылы алған деген күдікпен 2,2 миллион теңге тәркіленді. Ұстау сәті бейнежазбаға түсірілген.
Облыстық полиция департаменті тұрғындарды заңсыз талаптарға көнбеуге және бопсалау дерегі орын алған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Материал авторы