4120

Эболадан бір күнде 37 адам қайтыс болды

Соңғы бір тәулікте Эбола вирусынан тағы 37 адамның қайтыс болғаны зертханалық түрде расталды.

Эболадан бір күнде 37 адам қайтыс болды
REUTERS/Gradel Muyisa

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Конго Демократиялық Республикасында (КДР) Эбола індетінен көз жұмғандар саны артып келеді. Соңғы бір тәулікте тағы 37 адамның қайтыс болуы расталып, жалпы құрбандар саны 967-ге жетті. Бұл туралы ТАСС жазды.

Конгоның Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігі жариялаған күнделікті бюллетеньге сәйкес, зертханалық жолмен расталған өлім-жітім саны бір күнде 37 адамға көбейген.

Қазіргі уақытта Эбола вирусын жұқтырғандар саны 2 423 адамға жеткен. Бұл алдыңғы тәулікпен салыстырғанда 79 жағдайға көп. Індеттен өлім көрсеткіші 39,9 пайызды құрап отыр.

Ауруханалар мен оқшаулау орталықтарында 734 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 10 адамға артық. Сонымен қатар вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды бақылау деңгейі 81,1 пайызға жеткен. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор