1244

Алматыда бейтаныс ер адамның үйінде болған қыз полицияға арыз жазды

Көшеде танысқан ер адамның үйіне барған қыз кейін полицияға заңсыз әрекет туралы шағым түсірді.

Алматыда бейтаныс ер адамның үйінде болған қыз полицияға арыз жазды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда бейтаныс ер адам мен жас қыздың арасында болған оқиғаға байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Тараптар болған жайтқа қатысты бір-біріне қайшы келетін мәлімдеме жасаған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жазды.

Полицияның мәліметінше, түнгі уақытта 102 пультіне жас әйелге қатысты заңсыз әрекет жасалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз көшеде танысқан ер адамның үйіне барғанын айтқан. Кейін олардың арасында жанжал туындап, содан соң ол полицияға жүгініп, ер адамның өзіне қатысты заңға қайшы әрекет жасағанын мәлімдеген.

Ал ер адамның айтуынша, ол қызға тек адамгершілік ниетпен уақытша көмек көрсеткен. Оның сөзінше, қыз туыстарының үйіне кіре алмай қалғанын және байланыссыз қалғанын айтып, көмек сұраған.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында екі тараптың да уәждері тексеріліп, қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде.

Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға қатысушылардың әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор