1193

Қостанай облысындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Chevrolet пен Jetour соқтығысып, бес адам жараланды.

Қостанай облысындағы жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы бір адамның өмірін қиып, тағы бес адамның жарақат алуына себеп болды. Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы сағат 04:00 шамасындаҚостанай – Қарабұтақ автожолының Жайылма ауылы маңында болған.

Апатқа Chevrolet Cobalt пен Jetour X70 автокөліктері қатысқан.

Қатты соқтығыс салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Ал жол апатына қатысқан тағы бес адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор