Әйелдің сөзінше, ол Талғар ауданынан Алматыға бір жұмыстарымен келген. Жол үстінде толғағы қысқан.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, сағат 12:45-те жедел медициналық жәрдем диспетчерлік қызметіне көлікте әйелдің босанғаны туралы хабарлама түсті. Жедел жәрдем бригадасы келгенше сағат 12:57-де әйел көлікте босанған.
Жедел медициналық көмек бригадасы келген соң қажетті медициналық көмекті көрсетілді. Ана мен бала №1 қалалық перзентханаға жеткізілді, онда барлық қажетті медициналық манипуляциялар жүргізілді.
«Қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Баланың салмағы 3 келіден асады. Ол инвазивті емес желдетудегі балалар бөлімінде орналасты. Баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.