1097

Доллар, еуро және рубль қаншадан сатылып жатыр?

24 шілдеге арналған валюта бағамы белгілі болды.

Доллар, еуро және рубль қаншадан сатылып жатыр?
DADO RUVIC/REUTERS

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 24 шілдедегі мәлімет бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамы белгілі болды.

Астанадағы айырбастау пункттерінде орташа бағам мынадай:

  • АҚШ доллары – 465,97 теңгеден сатып алынып, 472,80 теңгеден сатылып жатыр;

  • Еуро – 529,96 теңгеден сатып алынып, 539,92 теңгеден сатылуда;

  • Ресей рублі – 5,50 теңгеден сатып алынып, 5,99 теңгеден сатылып жатыр.

Алматы қаласында:

  • АҚШ доллары – 468,80 / 471,27 теңге;

  • Еуро – 533,85 / 539,38 теңге;

  • Ресей рублі – 5,65–5,79 теңге аралығында саудалануда.

Шымкент қаласындағы айырбастау бекеттерінде:

  • АҚШ доллары – 468,96 теңгеден сатып алынып, 471,15 теңгеден сатылуда;

  • Еуро – 533,00 / 538,04 теңге;

  • Ресей рублі – 5,66 / 5,73 теңге.

Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық банкінің 24 шілдеге белгілеген ресми бағамына сәйкес:

  • 1 АҚШ доллары – 465,74 теңге;

  • 1 еуро – 531,08 теңге;

  • 1 Ресей рублі – 5,92 теңге

Материал авторы